Алматы Технологиялық Университеті Технология-экономикалық колледжі

Технология-экономикалық колледжі (ТЭК) Алматы қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінен 2004 жылдың 5-маусымындағы берілген мемлекеттік АА №0000214 сериялы лицензиясы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта буынды жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында Алматы технологиялық университетінің 12-шілде 2005 жылғы бұйрығымен құрылған.

ТЭК қызметі Алматы технологиялық университетінің барлық білім беру деңгейін үйлестіруге бағытталған. Мамандықты меңгерту жолында «Колледж-ЖОО» үздіксіз білім беру жүйесі негізінде азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, бизнес саласы, экономика, қызмет көрсету және туризм, техникалық және кәсіптік оқу мамандарын даярлап шығарады. АТУ ТЭК қызметінің негізгі принциптері – оқыту нәтижелерін жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты МЕМБ/ГОСО/ талаптарды іске асыру, білім беру бағдарламалармен қамтамасыз ету.

ТЭК қызметі 2005-2006 оқу жылында 8 мамандық бойынша мамандарды дайындаудан басталды, алғашқы қабылданған білім алушылар саны 423 адамды құрады. 2016-2017 оқу жылында бұл көрсеткіш едәуір артып, қабылданған білім алушылар саны 1844-ке жетті,10 мамандық бойынша жоғары білікті мамандар даярланады, колледж бүгіне 17 мамандық бойынша білім беруде.

Колледждің өркендеуі жолында басшылық еткен директорлар: Байсалбаев Али-Аскар Абубакирович, Бейсембаев Гани Бектаевич, Атанова Мансура Мардановна, т.ғ.д. Байболова Ляззат Кемербековналар болды. 2009-2010 жылдары және 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін колледжде АТУ профессоры, т.ғ.к. Увакасова Гульшат Татымкожановна басшылық етеді.

10 жылдың ішінде колледж өзін техникалық және кәсіптік білім беру ісіндегі жетекші ұйымдарының бірі ретінде көрсете білді. Осы уақытқа дейін аталған оқу орны кәсіби деңгейі мен жұмысқа деген жауапкершілігін таныта білген 5000-нан астам түлекті қанаттандырды. Олардың арасында республиканың көптеген жетекші кәсіпорындарының басшылары да бар.

Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін колледжде: оқу кабинеттері, интерактивті тақта және проекторлармен жабдықталған кабинеттері, сондай-ақ, зертханалар және тігін шеберханалары бар. 2015 жылы 2 азық-түлік зертханалар, лингафонды және мультимедиялық кабинеттер ашылды.

Колледждің кадрлық әлеуеті білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес. Категориясы бар штат құрамындағы оқытушылар 65% құрайды, оның ішінде: 10 оқытушы – жоғарғы санатты, 20 оқытушы- бірінші санатты, 26 оқытушы – екінші санатты; Ғылым кандидаты – 3 оқытушы; PhD – 2 оқытушы, магистранттар – 25 оқытушы және спорт шеберлігіне кандидаттар – 3 оқытушы.

2 оқытушы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, 3 оқытушы «Абылай хан», «Ы. Алтынсарин» және авиация генерал-майоры «Т.Бегельдинов» медалімен марапатталды. 1 оқытушы Г.Г. Валуйко атындағы Халықаралық байқаудың «Диссертация» аталымы бойынша екінші дәрежелі жеңімпазы, Ялта қ. (Ресей).

2012 жылдан бастап колледжде, Алматы кәсіпорындарында: «Бақшасарай» қабылдау үйі, «Турандот» ЖШС, мейрамханалар желісі, АТУ ет және ет өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу орталығы, «Континент Инвест Групп» ЖШС «Қазақстан» қонақ үйінде дуалды оқыту жүйесі элементтері бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асырылуда.

АТУ ТЭК стратегиялық серіктестері ірі салалық кәсіпорындар мен ұйымдар атап айтқанда: «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Бахус» АҚ, «Беккер и К» ЖШС, «Coca-Cola Almaty Bottlers» ЖШС, «Ақсай HK», «Бижан» ЖШС, «Алғашқы коллекторлық бюро» ЖШС, «Нәзік» ЖШС, «Алматы Эксперт» ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ, «ЦИКиП» ЖШС, «Raimbek Bottlers» ЖШС және басқалар болып табылады.