Жаңалықтар

Таланттар әлемі

2020 жылдың 22 ақпанында Алматы қаласының колледждері арасында еріктілер жылы аясында АКСО базасында «Таланттар әлемі»байқауы ұйымдастырылды. Осы байқауда АТУ АҚ ТЭК командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Байқау 3 кезеңнен тұрды:

  1. Команданың сәлемдесуі және ұраны.
  2. «Карвинг» – кесудің ерекшелігі мен күрделілігі бағаланады.
  3. «Сәндік салфеткалар» – майлықтарды әр түрлі тәсілдермен жинау қабілеті бағаланады.

Директордың ОӨІ жөніндегі орынбасары Тлеубердинова К. Е. және арнайы пәндер оқытушылары Руденко О. Н., Сенгирбекова Л. К., Кадыршаева Ж. жетекшілігімен АТУ АҚ ТЭК командасы байқаудың барлық кезеңдерінде жақсы нәтижелер мен кәсіби дағдыларды көрсетті.

Comment here