Оқуға түсуге өтініш

Құрметті web-сайтқа кірушілер!​

Мен сіздерді «Алматы технологиялық университеті»АҚ технологиялық-экономикалық колледжінің ресми сайтында көргеніме қуаныштымын.
Технологиялық-экономикалық колледж Алматы технологиялық университеті ректорының бұйрығымен 2005 жылдың 12 шілдесінде құрылған.
Колледж тамақ, қайта өңдеу және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын, сондай-ақ орта буын және жоғары біліктілік деңгейіндегі мамандармен қызмет көрсету саласын қамтамасыз етеді.
Егер колледжде мамандарды даярлау 2005-2006 оқу жылында 8 мамандық бойынша басталып, барлығы 423 адам оқыса, 2019-2020 оқу жылында оқыту 21 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі, соның ішінде өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж. «Еңбек»Мемлекеттік бағдарламасы бойынша.
Колледжде 2018 жылдан бастап Алматы кәсіпорындарында дуальды оқыту жүйесі енгізілді: «Назик» ЖШС, Ramada Almaty қонақ үйі, ТК Шахристан, As-Timian, «Asem Servis» ательесі, «Сенгир-Тау» ЖШС, «Ника» ЖШС және басқалар. Жыл сайын кәсіпорындардың тізімі кеңейтілуде.
Біз түлектер мен қазіргі білім алушыларды мақтан тұтамыз. Біздің білім алушылар оқуда үлкен жетістіктерге жетеді, әртүрлі көрмелерде, фестивальдарда, жарыстарда, олимпиадаларда және конкурстарда үнемі жүлделі орындарға ие болады, қоғамдық өмірде өзін белсенді көрсетеді.
Колледж қабырғасында өткізілген жылдар әр білім алушы үшін ұмытылмас керемет өмір бетіне айналады.
Біздің сайтта колледж қызметінің негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы айтып береміз.
«Алматы технологиялық университеті»ақ технологиялық-экономикалық колледжінде сапалы кәсіби білім алыңыз!

«АТУ» АҚ ТЭК директоры-Увакасова Гүлшат Татымқожанқызы

ТЭК АҚ "АТУ" - таңдауға 10 себеп

"АТУ" АҚ ТЭК -қа аккредиттелді(5 жыл мерзімге)

"АТУ" АҚ ТЭК Қазақстанның үздік көпсалалы колледждерінің ұлттық рейтингісінде 2 - ші орынға ие болды-2019​

Білім беру бағдарламаларының кең таңдауы

Мемлекеттік білім гранты бойынша оқу мүмкіндігі

Қазіргі заманғы материалдық-техникалық база

Оқу үшін қолжетімді баға

Жоғары білікті оқытушылар құрамы

ҚР бойынша жетекші кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру

Басқа қалалардан келгендерді100% жатақханамен қамтамасыз ету

Белсенді Студенттік Өмір